13 мамырда «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері «Клиникадағы несеп-жыныс жүйесі» пән бойынша жыл сайынғы олимпиадаға қатысты. Олимпиада соңғы жылдары дәстүрлі түрде барлық модульдің соңында өткізіліп келеді. Олимпиаданың негізгі мақсаты студенттердің клиникалық құзыреттіліктерін бекіту болды. Олимпиадаға ішкі аурулар және ревматология кафедрасының атынан «Нефрон» командасы қатысты. Біздің команданың қарсыластары «Тестостерон» және «Адреналин» командалары болды. Олимпиада әртүрлі кезеңдерден тұрды: командалық таныстыру, дене шынықтыру (тест тапсырмаларын шешу), клиникалық есепті шешу және күрделілігі әртүрлі тапсырмалардан тұратын «Өз ойыны» викторинасы және үш тілде медициналық терминологияны қолдану.
Биылғы жылдың жеңімпазы «Нефрон» командасы болды! Біз «Тестостерон» урологтар командасына Олимпиадаға тамаша дайындық және өткізу үшін алғыс айтамыз. Ал лайықты және мықты қарсылас болған «Адреналин» акушер-гинекологтар командасы!
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті Муздубаева Ж.Е.