Әбіш Жиреншин және Абайтану ғылымы

Әбіш Жиреншин және Абайтану ғылымы

Абай атындағы әмбебап кітапханасы мен 1315 тобының кураторы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы мен 1122 тобының кураторы Кадирсизова Шынар Муратбековна бірлесіп ұйымдастырылуымен журналист, аудармашы, жазушы, абайтанушы, ғалым Әбіш Жиреншиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Әбіш Жиреншин және абайтану ғылымы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Әдеби-сазды кешке Семей Медицина Университетінің 1315,1122 тобының студенттері белсенді қатысты. Шара барысында абайтанушы ғалымның өмірі, еңбек жолы, Абай шығармаларын зерттеп, Абай әлемінің ұлылығын таныту барысындағы еңбектері жайында маңызды ақпараттар берілді. Кештің шымылдығы әнші Бақытжан Түктібаевтың орындауындағы Абайдың «Сегіз аяқ» әнімен ашылды. Әдеби кеш барысында барысында кітапхана қызметкерлері Әбіш Жиреншиннің абайтану ғылымына қосқан үлесі жайында кеңінен әңгімелді. Семей Медицина университетінің студенті Мельдеш Бақытжан «Ерке сылқым» күйін, Қайырғалиева Айгерім «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқаса, студенттер Абайдың өлеңдерін оқыды. Кеш соңында қатысушыларға Алғыс хаттар беріліп, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін барлығы қосыла айтты. Шара барысында «Абайтану ғылымы және Әбіш Жиреншин» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы слайд көрсетілді. Шараға жиналған көрермендер Əбіш Жиреншин ғылыми мұрасының маңызын айқындаумен қатар, әдеби-сазды шарадан ерекше әсер алып қайтты.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз