Білімалушыларға арналған жүгіру марафоны

Білімалушыларға арналған жүгіру марафоны

2024 жылдың 12 мамырында балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері, кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. ассистенттері Мансурова А.А., Құмарбекова А.Қ., Дәлелканова Т.Д., Смаилов Е.С. және Битимиров С.Н. Ертіс өзенінің жағалауында студенттерге арналған бұқаралық спорттық шара ұйымдастырылып, өткізілді. Жүгіру марафонына ЖМ 4127, 4102, 4101 топ студенттері белсене қатысты.

Бұл марафонның мақсаты – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, білім беру ұйымдарында спортты дамыту және оған назар аудару. Мұндай іс-шаралар студенттерді біріктіреді, оларды өздерінің жетістіктері, өсу және мотивациялары бар біртұтас командаға айналдырады. Жүгіру тек жылдамдық пен жеңіске деген құштарлық емес, сонымен бірге берік достық пен қашықтықпен сыналған жолдастар.

Жүгіру марафонының соңында жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Қыздар арасында жеңімпаздар: 1 орын Азаматова Ақбота 4102 топ, 2 орын Болысбек Гауһар 4102 топ, 3 орын Аққазықызы Жансая 4127 топ. Жігіттер арасында: 1 орын Байқос Айтжан 4127 топ, 2 орын Жұмағалиев Серік 4127 топ, Әлімханов Алишер 4102 топ.