«Емханадағы несеп-жыныс жүйесі» пән бойынша олимпиада

«Емханадағы несеп-жыныс жүйесі» пән бойынша олимпиада

13 мамыр күні хирургиялық пәндер кафедрасы университетішілік интеграцияланған «Несеп және жыныс жүйесі» пәндік олимпиада ұйымдастырды. Олимпиадаға «Адреналин» 4224 топ ЖМ, «Нефрон» 4212 топ ЖМ, 4213 топ ЖМ, «Тестостерон» 4217 топ ЖМ, 4216 топ ЖМ қатысты.

Олимпиаданы «Ішкі аурулар және ревматология» кафедрасының доценті Муздубаева Ж.Е. құттықтау сөзімен және қатысушыларға сәттілік тілеумен ашты. Олимпиада 4 этаптан тұрды. I этапта әр топ «Сәлемдесу» кезеңінде өз топтарымен таныстырды, екінші этапта «Жаттығу» топтар топтық тестілеуден өтті. Үшінші этапта қатысушылар «Өз ойыным» атты викторинадан өтті, бұл этапта урология, нефрология, акушерство және гинекология пәндерінен түрлі сұрақтар қойылды. 4ші этапта қатысушылар әртүрлі нозологияға ситуациялық есептер шығарды. Қатысушылардың шығармашылығын «Ішкі аурулар және ревматология» кафедрасының доценті Муздубаева Ж.Е., хирургиялық пәндер кафедарсының ассистенті Кусаинов А.М., А.Козбагаров атындағы акушерство және гинекология кафедрасының ассистенті Саркучикова Г.Ж. бағалады.

Әр қатысушы топ өте жоғары деңгейде өз білімдерін көрсете білді, әр қатысқан студент өзінің интеграцияланған «Несеп және жыныс жүйесі» пәнінен алған білімін толық көрсете білді. Олимпиада нәтижесі бойынша I орын  «Нефрон » командасы, II орын  «Тестостерон» командасы және  «Адреналин» командасы III орынға ие болды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі