2024 жылғы 14 Мамырда профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының қызметкерлері, профессор Жәнібеков Джурсунхан Есенбекұлының 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференцияны Басқарма Төрағасы – КЕАҚ “СМУ” ректоры, профессор Дүсіпов Алтай Ахметқалиұлы ашты. Конференцияға қатысушыларды құттықтай отырып, Алтай Ахметқалиұлы баршаға шығармашылық табыс, жемісті жұмыс және қойылған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарды еңсеруді тіледі, сондай-ақ Джурсунхан Есенбекұлының ұлына, психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Серік Джурсунханұлы Жаныбековке шын жүректен құттықтауларын жеткізді. Университет басшысы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медаль табыстады. Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін конференция жұмысы үш секция бойынша жалғасты. Секция жұмысына 30-дан астам баяндамашы қатысты, сонымен қатар 13 постерлік баяндама ұсынылды. Жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды, сондай-ақ әрбір қатысушы сертификатын алды. Кафедра конференцияны өткізуге көмектескені үшін, университеттің кәсіподақ комитетінің басшылығына алғыс білдіреді!