Семей Медицина университетінің «Стоматология» мамандығының 1315 тобы мен кураторы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызының ұйымдастыруымен, Семей қалалық қарттар үйінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шара қарттарымыздың көңіл- күйін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шарада университетіміздің өнерлі де,талантты студенттері өз өнерлерін паш етті .
Мерекелік шара Дарынқызы Мөлдір мен Аманжолова Мадинаның орындауында «Мереке» әнімен ашылды,келесі кезекте Мельдеш Бақытжанның орындауында «Ерке сылқым» күйі орындалды.
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі-соқпақ, сөзі-нәр дей келе
Жанымда бол әні шырқалды. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Деп келесі кезекте «Құдаша» халық әні және Қайрғалиева Айгерімнің орындауында «Мен деп ойла» әні шырқалды. Шарамыздың соңында «Армандастар» әні орындалып ата-апаларымызды би алаңына биге шақыртып , үлкендеріміздің ақ батасын алып қайттық. Іс-шара жоғары дәрежеде өткізілді.

