13.05.2024 ж. Д. М. Тусупова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ЖТД мамандығының 701 тобы, оқытушы Ж. К. Дәулетжаровтың жетекшілігімен орталықтың науқастары үшін “Құлау қаупінің алдын алу” тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара Абай облысы “Мүгедектерді абилитациялау және оңалту орталығы” КММ базасында өткізілді.
Интерндер құлаудың қауіп факторлары туралы мәліметтер берді, сонымен қатар олардың алдын алу үшін қандай шаралар бар екенін айтты. Бұл дәріс оңалту орталығының пациенттерінің хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілді, өйткені бұл пациенттердің өздері үшін ғана емес, сонымен бірге жақын адамдарына және осындай қауіп-қатерге ұшыраған адамдарға көмек көрсету үшін де маңызды. Кері байланыс түрінде 701 тобының интерндері оңалту орталығының пациенттері белсенді түрде қойған сұрақтарға жауап берді және оларды қызықтыратын қосымша ақпарат берді.