Семей медициналық университетінің 1315 тобының студенттері мен кураторы Жайрбаева Жананур Қамбарқызы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік-ел тұғыры” концерттік бағдарламасымен Семей қаласының ұзақ өмір сүру орталығына барды.Концерт “Жас Тұлпар” ұйымының тарихы туралы фильм көрсетуден басталды. Іс-шараның салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды және Отанымыздың туы шығарылды. Сахнада белгілі қазақ шығармалары орындалды: Роза Рымбаеваның “Махаббат келді” әні, “Бегімай” композициясы, қазақ билері, сондай-ақ “Бұлбұл”әні. Бұл концерттік бағдарламаның мақсаты: тәуелсіздікті бостандық пен халқымыздың өз бетінше дамуы үшін ғасырлар бойғы күрестің тарихи нәтижесі ретінде танымал ету. Біздің мерекеге қатысқандардың барлығына, сондай-ақ концертті өзінің жарқын қойылымдарымен безендіргендерге алғыс айтамыз!

