Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Мерекеге орай  “Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемесінде” 1315 тобы студенттері мен кураторы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызымен тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс- шара  өткізілді.  Мерекелік іс-шарамыз тарихымыз даму кездерындегі болған киыншылыктармен жеткен жетістіктерімізді еске алумен басталды.”Желтоқсан желі” “Көк тудың желбірегені” әндері айтылып , қазыналы қарияларымызға викториналық ойын ойнатылды, сонымен қатар “Ерке сылқым күйі” шерітілді.Қариялы қарттарымыз тәуелсіздік алған  жылдан осы күнге дейінгі қиыншылықтар мен қызықтарды еске ала отырып  32 жылдық Тәуелсіздік мерекелік мерей тойымызды атап өттік.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз