2024 жылдың 14 мамырында «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында» Д.М.Түсіпова атындағы «Педиатрия және медициналық оңалту» кафедрасының 701 тобының интерндері, оқытушы Ж. К. Дәулетжаровтың жетекшілігімен «Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу» тақырыбына санитарлық-ағарту жұмысын жүргізді.
Жүрек-қан тамыр аурулары қазіргі әлемде таралуына, мүгедектіктің жоғары пайызына және өлім-жітімнің жоғары болуына байланысты үлкен әлеуметтік-экономикалық проблема болып табылады.Сондықтан интерндер жүрек-қан тамыры ауруларын ерте анықтаудың маңыздылығы, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын жүргізудің маңыздылығы туралы дәріс өткізді.
Жұмыс барысында науқастар жүрек функциясының жеткіліксіздігін диагностикалаудың 6 минуттық жаяу жүру сынағы әдісімен таныстырылды. Интерндер осы зерттеудің мақсаттарын, жүргізу әдістемесін түсіндірді. Орталықтағы науқастарға дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар берілді.