Аңызға айналған ерлік

Аңызға айналған ерлік

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 13 мамыр 2024 жылы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмухаметовичтің жетекшілігімен курсант Секебаева К.О. кафедрада білім алушы 4216 топ студенттеріне «Қара майор» лақап атымен танымал Борис Төкенұлы Керімбаевқа арналған «Аңызға айналған ерлік» тақырыбында презентация өткізді.

       Студенттер әр буынның әскери қызметшілері үшін әскери борыш, ерлік және құрмет үлгісін қарастырды. Аталған іс-шаралар көрнекті қаһармандармен таныстыру арқылы, олардың ерліктерін ұмытпауға және мақтан етуге, сондай-ақ, болашақ ұрпақты Отан үшін ерлік жасауға баулуға арналған.

                                                                   Әскери кафедраның 4216 топ студенттері

Жарияланды: