Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасындағы ашық сабақ

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасындағы ашық сабақ

Ашық сабақтар кестесіне сәйкес 2024 жылдың 3-ші мамырында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті  Койшыбаева К.Ж. «Балалар аурулары пропедевтикасы» пәні бойынша «Педиатрия» мамандығы,  3302 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «1 жасқа дейінгі балалардың тамақтану рационын кеңейту негіздері». Ашық сабақтың мақсаты: оқытушының  біліктілігін көрсету,   педагогикалық шеберлікті бағалау және жетілдіру. Сабақ CBL түрінде , яғни, клиникалық жағдайды қолдану арқылы  өткізілді. Сондай-ақ   сабақта  кіріспе  және қорытынды тестілеу, ситуациялық есептерді шешу қолданылды және 6 айдан жоғары  баланың тамақтануы бойынша анаға кеңес берілді. Сабақ барысында  тақырыбқа сәйкес көрнекі құралдар мен үлестірмелі материалдар пайдаланылды. «  Ерте жастағы балаларды дұрыс тамақтандыру» тақырыбына бейнеролик қаралды. Студенттер барлық кезеңдерге белсенді қатысып, теориялық және тәжірибиелік  дайындықтарын көрсетті. Сабақ соңында қорытынды бағалары жарияланып,  конструктивті  кері байланыс жасалды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі