2024 жылдың 10 мамырында «Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы» педиатр-дәрігерлеріне «Ерте жастағы балалардағы бронхиолит және пневмония: диагностикалық критерийлер» тақырыбында семинар өтті. Баяндаманы балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Койшыбаева К.Ж. мәлімдеді.
5 жасқа дейінгі 3,4 миллионға жуық бала төменгі тыныс алу жолдарының РС вирустық инфекциясынан зардап шегеді, оның ішінде 66 мың бала қайтыс болған, 99% -ы дамушы елдерде жиі кездеседі. 90% жағдайда бронхиолит 9 айға дейінгі балаларда кездеседі. Жыл сайын дүние жүзінде бронхиолиттің 150 миллион жағдайы тіркеледі, олардың 7-13%-ы стационарлық емдеуді , ал 1-3%-ы реанимация бөлімшесіне жатқызуды қажет етеді. Соңғы онжылдықта РС вирустық инфекциясы бойынша ауруханаға жатқызу жиілігінің артуы байқалады. Біріншіден, бұл терең шала туылған нәрестелер мен ауыр қосымша аурулары бар балаларды күту саласындағы жетістіктерге байланысты, сәйкесінше мұндай балалардың саны да өсті. Тағы бір айқын себеп, вирустық инфекциялардың этиологиялық диагностикасының әдістері жетілдірілді. Лектор ерте жастағы балалардағы жедел бронхиолит пен пневмонияның эпидемиологиясы, этиология және патогенез мәселелерін, клиникалық ағымының ерекшеліктерін, диагностикалық критерийлерін, емдеу тактикасын және реанимация бөліміне ауыстырудың көрсеткіш критерийлерін қарастырды. Семинар соңында лектор тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, оң пікірлер мен кері байланыс алды. |