2024 жылдың 15 мамырында Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық фтизиопульмонология орталығында балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И. М. Эфендиевтің жетекшілігімен Абай облысының емдеу мекемелерінің балалар инфекционист дәрігерлеріне, инфекционист дәрігерлеріне және жалпы тәжірибелік дәрігелеріне, ЖТД 6 курс интерндеріне және инфекционист- резиденттеріне “Кене энцефалит. Кене бөртпе сүзегі” семинар өтті. Офлайн 22 қатысушылар, онлайн-53 тыңдаушылар қатысты.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М. Эфендиев кіріспе сөз сөйледі.
Кафедра завучы А. А. Мансурова “Кене энцефалит. Кене бөртпе сүзегі. Клиникалық-зертханалық диагностика, терапия, алдын алу шаралары” баяндамамен сөз сөйледі.
Имдат Мұсаұлы өзінің қорытынды сөзінде келеңсіз нәтижелер мен ауыр қалдық зардаптардың алдын алу үшін кене энцефалитінің дер кезінде диагностикасы мен нақты емінің маңыздылығына тоқталды.
Семинарға қатысушылар шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Эфендиев И.М., Мансурова А.А.

