«Сағадат Нұрмағамбетов: бірегей тұлға»

«Сағадат Нұрмағамбетов: бірегей тұлға»

2024 жылғы 10 мамырда Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасында куратор Ш.Д. Енсибаеваның басшылығымен, Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бұрынғы бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Сағадат Нұрмағамбетов: бірегей тұлға» атты кураторлық сағаты өтті.
 Нұрмағанбетов Сағадат Қожахметов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Ақкөл ауданында дүниеге келген. Сағадат Нұрмағамбетов 1942 жылы шілдеде Ұлы Отан соғысына аттанды. Сол жылы алғаш рет Түрікменстандағы автоматшылар мектебінде оқыды. Осыдан кейін взвод командирі ретінде майданға қан құяды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказда, Украинада, Молдовада, Польшада, Германияда соғысты. 5-армияның автомат взводын, ротасын, жаяу әскер батальонын басқарды. Гитлердің канцлериясына шабуыл жасауға қатысты.
«Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетов Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібін нығайтуға бар күш-жігерін салады.  Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылдың 24 қыркүйегінде 90 жасында қайтыс болды.  25 мамырда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманның, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толады Кураторлық сағатта интерн-дәрігерлер батырдың өмірбаянымен, оның ұмытылмас батырлығы, қазақ халқының дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

Нұрмағамбетов Сағадат өз өмірін өлгенге дейін әскери істерге арнаған ұлт мақтанышы, ел жадында мәңгі сақталады