2024 жылдың 15 мамырында «Жалпы медицина» мамандығының 3103 топ студенттері топ кураторымен (Жазықбаева Л.Қ.) бірлесіп соғыс қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы және Халық ҚаҺарманы Р.Қошқарбаев туралы кураторлық сағат өткізді.
Биыл Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманының, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Есімі Қазақстан тарихына мәңгілік жазылған Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов көрнекті қолбасшы ғана емес, қайсар ерік-жігер мен отаншылдықтың символы болды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының басшылығымен қазіргі Қарулы Күштердің негізін қалады.
Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов 1945 жылы 30 сәуірде Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып жетіп, ту тіксе, Сағадат Нұрмағанбетов 1945 жылы 17 қаңтарда Польшадағы Магнушев плацдармындағы шайқаста асқан ерлік көрсетті.
Студенттер Ұлы Отан соғысының тарихи деректерімен және сол сұрапыл кезеңдегі адамдардың өмірімен танысты. Ашық сабақ «Шығыс РМК қару-жарақ пен әскери техника тарихының мұражайымен» сүйемелденді, онда студенттер Ұлы Отан соғысы батырларының қысқаша өмірбаяндары мен ерліктерін тамашалады.