Комплаенс-офицердің студенттік ректормен және 1-4 курс старосталарымен кездесуі

Комплаенс-офицердің студенттік ректормен және 1-4 курс старосталарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Комплаенс-офицер Мақсат Тлеуғазыұлы Бейсембаев пен жаңа студенттік ректор Ерасыл Серікұлы Өмірәлінов 1-4 курс старосталарымен кездесті.
Комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, емтихан тапсыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіндірді, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатын сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, комплаенс-офицер қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар) беру тәртібін түсіндірді.
Кездесуде студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрылымы таныстырылды. Соңғы екі аптада өткізілген барлық іс-шаралар және болашақ жоспарлар туралы айтылды. Сондай – ақ, студенттік ұйымдарды басқарудың жоғары алқалы органы – «Студенттік жастар бірлестігі» туралы ақпарат жеткізілді. Осы кездесуде барлық студенттер өз сұрақтарына жауап алды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз