Жеңіс күніне орай Қарттай үйіне барып қайту

Жеңіс күніне орай Қарттай үйіне барып қайту

Қарттар үйіне бару
10.05.2024 ж. 9 мамыр мерекесіне орай қайырымдылық мақсатпен “Акушерия және гинекология, ересектер балалар” мамандығының резиденттері “А.А.Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен кафедра меңгерушісі Танышева Г. А, және ассистенттері: Кинаятова Ш.К, Шамшина Б. А. , Ж. А. Рыспаева, Г.М Егежанова, С.Ш. Мықтыбекова, Ерланкызы.Е, М. Г. Шарипова Семей қаласының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып қайтты.

Қарттар үйінің атмосферасы жүрек түкпіріне жетіп ерекше әсер қалдырды. Қонақтар қарттар үйінде жылы қабылдағанын, олар үлкен тату отбасына қонаққа барғандай сезімде болғандарын атап өтті.
Қарттар үйінің тұрғындарына арналған сыйлықтар ұсынылды.
Олар қазыналы қарттарға жанашырлық танытып,қолдау білдіріп , оларға өз ата-әжеміздей көмек қолын созу керек деген қорытындыға келді.
СЦОССО 2 директоры Сексеналинова Гүлмира Идаятқызына, директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Буланова Алма Мүбараковнаға, мәдени ұйымдастырушы Буркутова Мейрамгүл Бакенқызына, музыкалық жетекшісі Каптагаева Бақыт Манасбекқызына қарттар үйінің тұрғындарымен кездесуді ұйымдастырып, қамқорлық танытуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.

Жарияланды:
Рубрикалар: Волонтерлік жұмыс