2024 жылдың 15-16 мамырында «СМУ» КеАҚ эпидемиология және биостатистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Медицинадағы ғылыми зерттеулерді жүргізу» пәні бойынша олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің дәлелді медицина және статистикалық талдау саласындағы білімдерін тереңдету, сондай-ақ алған дағдыларын бекіту болды. Студенттерге өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берілді.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең – тестілеу эпидемиология және биостатистика кафедрасында өтіп, оған 34 студент қатысты. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша екінші кезеңге қатысуға 5 қатысушы іріктелді. Екінші кезең «Өзіндік ойын» форматында өтіп, студенттер теориялық және практикалық бөлімдер бойынша білімдерін көрсетті.
Екі кезең аяқталғаннан кейін қазылар алқасы жиналған ұпайларды есептеп, жеңімпаздарды анықтады.
Олимпиада жеңімпаздары: I орын – Gupta Pooja Rinku, 445 топ; ІІ орын – Zubair Muhammad Danish, 435 топ; ІІІ орын – Rajpurohit Rupendra, 433 топ. Олимпиаданың 2-ші турының барлық жеңімпаздары мен қатысушыларына сертификаттар табысталып, барлық жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Қорытындылай келе кафедра меңгерушісі Байбусинова Асель Жанартасқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысқан студенттерге, сонымен қатар олимпиаданы ұйымдастырып, өткізген оқытушыларға алғысын білдірді.
Олимпиаданы ұйымдастыруға эпидемиология және биостатистика кафедрасының келесі оқытушылары қатысты: Ордабаева И.Н., Мукашева Г.Д., Тукинова А.Р., Қанат Д.К., Ефендиева Е.И., Жапарова Ж.Д., Байбусинова А.Ж.