Кафедраның жас оқытушыларына анатомия және топографиялық анатомияның өзекті мәселелері бойынша»

Кафедраның жас оқытушыларына анатомия және топографиялық анатомияның өзекті мәселелері бойынша»

Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында жас оқытушыларға арналған шеберлік сабақ  өтті. Шеберлік сабақты ұйымдастырушылар кафедраның оқу ісінің меңгерушісі Есболатова Г.М. және кафедра меңгерушісі Қожанова С.Қ. Сабақтарды өткізуші аға оқытушы, м.ғ.к. Милюшина И.Н. Сабақ екі бөлімнен тұрды. Алдымен көрнекі материалдардың көмегімен адам анатомиясын өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі теориялық талдау, содан кейін практикалық дағдыларды дамыту және әртүрлі әдістермен танысуды қамтитын практика – «Anotomage» анатомиялық үстелімен жұмыс істеу. Шеберлік сабақтарын өткізудің мақсаты – жас мамандарға қажетті кәсіби дағдылар мен жұмыс тәжірибесін меңгеруге көмектесу.

Жарияланды: