10 мамыр 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында медицина қызметінің полковнигі Ш.О. Орынбасаровтың ұйымдастыруымен, «Жалпы медицина» мамандығының 4216 топ студенттерімен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған «Мәлік Ғабдуллин: дәуір, тұлға, естелік» атты іс-шара өтті.
Баяндамашы Е.Қ. Кафасин батырдың өмірбаяны мен ерліктері, жетістіктері туралы баяндады.
Іс-шарада барысында мұрағаттық құжаттар негізіндегі мәліметтер берілді.
Бұл мәліметтер жаңа білім көзі болып, жастарда патриоттық, Отанға, елге деген сүйіспеншілік қасиеттерді тәрбиелеуде үлкен септігін тигізеді деп санаймыз. Өткен тарих батырларын ұмытпау – маңызды…
Әскери кафедраның 4216 топ студенттері