2024 жылдың 15 мамырында неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының базасында «Жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңдегі жедел неврологиялық аурулар» тақырыбына арналған неврология бойынша журнал клубының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараны неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті Биниязова А.А. неврологиялық бөлімшенің дәрігерлеріне, сондай-ақ 1 және 2 жылдық неврология ординаторларына ұйымдастырды.
Баяндамаларды дайындағандар: неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті Биниязова А.А. және 2 курс резиденті Филиппова Н.А.
Неврологиялық аурулар ана өлімінің себептерінің арасында маңызды орын алады, өйткені олар ана өлімінің 20% құрайды. Биниязова А.А. баяндамасында инсульт, церебральды веноздық тромбоз, артқы қайтымды энцефалопатия синдромы, эклампсия және т.б. өткір жағдайларды қамтыды. Резидент Филлипова Н.А. жүкті және босанғаннан кейінгі науқастардағы арқа ауруы, бас ауруы, миастения , нейропатия және т.б. жиі кездесетін неврологиялық мәселелер туралы баяндады. Аталған аурулардың патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы мен емі егжей-тегжейлі талқыланды, сондай-ақ оларды емдеуге арналған UpToDate деректер базасындағы соңғы ұсыныстар айтылды. Одан кейін қатысушылар неврологиялық диагнозбен жүктілікті жүргізу, пациенттердің дәрі-дәрмектерге қол жетімділігі және басқа да практикалық аспектілер бойынша қызу пікірталас жүргізді. Журнал клубының қатысушылары бұл шараның ақпараттық-танымдық маңызы зор екенін атап өтті. Қатысушылар сонымен қатар келесі жылы журнал клубын жүргізу туралы өз ойлары мен идеяларын білдірді.