2024 жылдың 10 мамырында «Жалпы медицина» мамандығының 4403 тобының студенттері мен топ кураторы Жазықбаева Л.Қ. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кураторлық сағат өткізді. Бұл шараның мақсаты студенттерді Қазақстан батырларының ерліктерімен таныстыру және оларды есте сақтау болды. Кураторлық сағатта Қошқарбаев Рахымжан Қошқарбайұлы мен Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының өмірбаяндары талданды. Бұл екі тұлға қазақ халқының ерлігін, қайсарлығын тамаша бейнелейді. Рейхстаг ғимаратына қызыл туды бірінші болып тіккен Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қызыл Армия офицері Р.Қошқарбаев болды. С.Нұрмағамбетов – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, кеңестік және қазақстандық әскери қайраткер, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі. Екеуі де жауынгерлік ерліктері мен Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін «Халық Қаһарманы» атағын алды, өйткені осындай жандардың арқасында төбемізде бейбіт аспан орнады.
Студенттер 4403 гр. Жалпы медицина, куратор доцент Жазықбаева Л.К.