Ғылыми конференцияларға қатысу студентке не береді?

Ғылыми конференцияларға қатысу студентке не береді?

Конференцияларға қатысу студентке зерттелетін тақырыптар бойынша жаңа идеялар мен тәсілдер туралы білуге, сонымен қатар сабақтас салалар туралы түсінігін кеңейтуге, проблемаларды тереңірек түсінуге, жаңа фактілермен және аналитикамен байытуға мүмкіндік беретіні белгілі  және студент кәсіби қоғамдастық атмосферасымен зарядталады. 2024 жылдың 14 мамырында КеАҚ СМУ «Стоматология» мамандығының 1 курс студенті Рашид Досмамбетов профессор Жаныбеков Джурсунхан Есенбекұлының 80 жылдығына арналған университетішілік студенттік морфологиялық ғылыми конференцияға қатысып, 3-орын құрметті дипломмен марапатталды. Баяндама тақырыбы: «Гипс құймаларын модификациялау туралы». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының доценті, х.ғ.к. Р.Т. Дінжуманова№ Осылайша, конференцияда Досмамбаев Рашид гылыми нәтижелерді мамандармен тікелей талқылауға, пікірлерді тыңдауға және зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде  осы нәтижелерді болашақта ғылыми журналдарда жариялау кезінде ескеруге бірегей мүмкіндік алды.

М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық

пәндер кафедрасы, доцент Дінжұманова Р.Т.