Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті медициналық жоғары оқу орындарына Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының өршу қаупінің алдын алу мақсатында өңірлерде медицина қызметкерлерін оқытуды тапсырды. 2024 жылғы 20 мамырда онлайн режимінде Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының медицина қызметкерлеріне Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді. Семинарды Абай облыстың бас инфекционисті м.ғ.к. И. М. Эфендиев бастады. Ол мәселенің өзектілігін атап өтіп, СМУ «КеАҚ» жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының оқытушы – доценті С.Б.Маукаеваға сөз берді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары Қазақстанды қоса алғанда, көптеген елдерде кездесетіні және вирустың кенелер мен құстар, ұсақ сүтқоректілер, ірі қара мал, құстар арасындағы айналымы сақталатыны атап өтілді. Диагностика және емдеу мәселелері 29.03.2019 ж. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы, №60 хаттама және ДДҰ материалдары негізінде ұсынылды. Инфекцияның алдын алуға және бақылауға, ҚҚГҚ бар пациенттермен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мәселелеріне баса назар аударылды.
«СМУ» КеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының доценті Маукаева С. Б.