2024 жылдың 4 мамырында Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастыруымен Семей қаласы денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлеріне «Менингококкты инфекция және полиомиелиттің эпидемиологиясы, этиологиясы, клиника, диагностика, профилактикасы және емі . Полиомиелит, сіреспе, күл, қызамық, қызылшаның иммунологиялық (серологиялық) мониторингі» тақырыбында семинар өткізді.
Алғы сөзбен Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Чокушев Ш.У. сөз сөйлеп, менингококк және полиомиелиттің эпиедемиололгиясына тоқталды.
Келесі кезекте Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жұқпалы және паразиттік аурулар бөлімінің басшысы Д.Б.Тлекина ҚР ГГСВ 12.04. 2024 № 5 қаулысы «Менинококк инфекциясының санитарлық-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру туралы және 09.04.2024ж № 9 қаулысы «Полиомиелит, сіреспе, күл, қызамық, қызылшаның санитарлық-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру туралы» құжатты баяндады. «Балалардағы менингококк және полиомиелит этиологиясы, эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникалық көрінісі, зертханалық диагностикасы, емі және алдын алу шаралары» тақырыбындағы КеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Смаилов Е.С баяндама жасады. Менингококк инфекциясы бойынша санитарлық, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен, Куралова А.Н Қ.Р ДСМ 27.05.2021 № 47 бұйрықты тыңдаушылардың назарына ұсынды. Дәрігер-бактериолог Кумарова А.М. «Менингококк инфекциясына сынама алу, сақтау, тасымалдау және зертханалық зерттеу ережелері» туралы айтты. Семинарды Смаилов Е.С. және Тлекина Д.Б қорытындылап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Смаилов Е.С.