15 мамыр 2024 жылы Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында «Абай облысы бойынша Мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитация және оңалту орталығы» базасында кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р. жетекшілігімен 701 топ интерн-педиатрларының ұйымдастыоуларымен «Стрельникова әдіс-тәсілі бойынша тыныс алу жаттығулары» тақырыбында ЖТД мамандығы 701-топ интерндарының қатысуымен жаттығу жүргізді. Стрельников әдіс-тәсілі бойынша тыныс алу жаттығулары жүрек қан тамыр жүйесін жақсартады және қандағы оттегі деңгейін арттырады. Бұл жаттығулар психо-эмоциональдық жағдайға оң әсерін тигізіп, күні бойына сергектік сыйлайды.Сонымен қатар бұл әдіс тыныс алу жүйесінің ауруларында да өте тиімді болып табылады. Аталмыш іс-шараның маңыздылығын білім алушылардың арасында талқыланып, ары қарай жалғасын табады деген сенімдеміз