Таза сессия

Таза сессия

06.05.2024 ж Медицина мектебінің студенттеріне арналған жазғы емтихан сессиясы басталды. «Таза сессия» жобасы аясында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында емтихандарға қатысу кестесі жасалып, осы кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің мүшелері, комплаенс-офицер, студенттік ректор және мектеп қызметкерлері емтихандарға қатысуда. .

Жоба аясында ағымдағы жылдың  мамыр айында Комплаенс-офицер Мақсат Тлеуғазыұлы Бейсембаев пен жаңа студенттік ректор Ерасыл Серікұлы Өмірәлінов 1-4 курс старосталарымен кездесті. Комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, емтихан тапсыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін; қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар) беру тәртібін түсіндірді, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатын сақтауға шақырды.

Емтихандарға қатысу кезінде тексеру актілері толтырылады, ескертулер мен ұсыныстар көрсетіледі және қысқаша қорытынды беріледі. Емтихандарға қатысу және бақылау әр сессияда міндетті болып табылады.

Рубрикалар: Оқушылар