«Эндовидеохирургияның негіздері “LAPSIM”симуляциалық апаратындағы тәжірибелік дағдылар»

«Эндовидеохирургияның негіздері “LAPSIM”симуляциалық апаратындағы тәжірибелік дағдылар»

Госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасында 2024 жылғы 15 мамырда студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы өткізілді. СҒҮ басшылары: С.Т. Абдрахманов, М.Ә. Әуенов, А.Е. Масалов, сондай-ақ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор М.Ж. Аймағамбетов, м.ғ.д., профессор Т.А. Булегенов, м.ғ.к.. профессор Е.О. Масалимов. Отырыстың тақырыбы: «Эндовидеохирургияның негіздері. “LAPSIM”симуляциалық апаратындағы практикалық дағдылар».
Баяндамада біз эндовидеохирургия аспектілері мен даму тарихын қарастырдық. Эндовидеохирургия – науқастың денесінде операция жасау үшін эндоскопиялық жабдықты қолданатын емдеу әдісі. Бұл әдіс хирургтарға дәлірек аз инвазивті операциялар жасауға мүмкіндік береді және операциядан кейін қалпына келтіру уақытын қысқартады. Эндовидеохирургияның негізгі принциптері науқастардың денесіне кішкі тілімдер жасай отыра немесе физиологиялық саңылаулар арқылы бейнекамералар мен құралдарды пайдалануды қамтиды. Атап айтқанда, біз лапароскопиялық хирургияны қарастырдық, онда аппендикс өсіндісіне, өт қабына және іштің алдыңғы қабырғасындағы жарықтарға операциялар жасалатының атап өттік.
Қатысушыларға операцияның барысы, аспаптық жұмыс, клиникалық маңызды сәттер және іш қуысы мүшелеріндегі жұмыстың барысы түсіндірілді. Іс жүзінде қатысушыларға LAPSIM симуляциялық аппаратында жұмыс көрсетілді, ондағы студенттер лапароскопиялық аппендэктомия операция барысындағы маңызды көріністерімен және тәжірибелік процеске өздері қатысты. Үйірмеге қатысушылар лапаскопиялық аспаптағы жұмысты өздері көріп, осы бағыттағы өз дағдылардыларын дамыта алды.

Рубрикалар: Оқушылар