Абай облысы Қазақстан халқы Асамблеясының Аналар кеңесінің, кезекті отырысы өтті, оған zoom-конференция режимінде қала мен аудандардың Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Іс шарада Жайрбаева Жананұр Қамбаровна аналар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде тағайындалып, жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп “Абай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар мүшесі” атты эмблемамен марапатталды. Кездесудің өскелең ұрпақтың тәрбиелеудің отбасылық құндылықтарды дамыту мәселелері қаралды. Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы А. Куанышбаева «Мәдениет ана-мәдениетті ұлт» атты республикалық жобасын жузеге асыру меселесі бойынша тақырып талқылады. Спикерлер ретінде Абай ауданының Аналар кеңесінің, төрайымы, «Қазақ мәдени орталығы «Нұр-Сана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – С. Көпжанқызы, Абай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі, «Жанұя орталығы» коғамдық қорынын президенті – Ж. Жибраева, Аксуат ауданының Аналар кеңесінің, төрайымы – Ж.Маханова, Абай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі, «Семей орыс әлеуметтік – мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары – Г.Кириченко, Бесқарағай ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Р. Кисамиева. Отырыс барысында Аналар кеңесінің 2024 жылы арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қорытынды сөзінде А. Куанышбаева қонақтарға белсенді және жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, одан әрі ынтымақтастықтың, келешегін атап етті.