15 мамыр күні ЖДТ кафедрасының доценті А. М. Месова 732 кураторлық тобымен бірге М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының Өскемен қаласына гастрольдік сапары аясында Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын тамашалады. Ғашықтар зарына тас керең ғасырда дүниеге келіп, жақын-жуықтарынан қолдау таппай, бақиға аттанып кете барған қос мұңлықтың махаббат оқиғасын ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов кезінде өз пьесасына өзек еткен еді. 1940 жылдың 29 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында алғаш рет көрермен назарына ұсынылған туынды бүгінгі күнге дейін үлкен сұранысқа ие.