«СМУ» КеАҚ-да күнделікті және кәсіби деңгейде орыс тілінде коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында шетел бөлімінің бакалавриат студенттеріне арналған «Халықаралық студенттерге арналған Speaking Club» белсенді түрде жұмыс істейді. Бұл үйірме студенттердің орыстілді ортаға бейімделуіне және табысты интеграциялануына көмектеседі, оларды интернатурада оқуға дайындайды.
2024 жылдың 17 мамырында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушылары Б.Б.Оразаева мен Н.С.Искакова «Денсаулық көрсеткіштері» тақырыбында шетел студенттеріне кезекті Speaking Club сабағын өткізді. Студенттерді тиімді дайындау үшін тиісті тақырып бойынша терминдер сөздігі жасалды. Сабақ барысында сөздік қорын молайтып қана қоймай, сөздерді дұрыс айтуды жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер медициналық демография саласына қатысты жаңа терминдер мен денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін есептеу формулаларын меңгерді. Студенттер жағдаяттық есептерді шешу кезінде негізгі көрсеткіштерді есептеу үшін формулаларды шебер пайдаланды, мысалы, жалпы туу коэффициенті, жалпы өлім-жітім коэффициенті, әртүрлі себептерден қайтыс болу құрылымы, нәресте өлімі, халықтың табиғи өсімі және т.б.
Сабақ сәтті өтті, студенттер оқытушыларға сұрақтар қойып, тақырыпқа қызығушылық танытты. Сабақ соңында шетелдік студенттер жаңа білім мен жағымды атмосфера үшін алғыстарын білдірді. Сәтті сабақ университет жағдайында тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығын растайды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз және сіздерді біздің іс-шараларымызда тағы да кездестіруді асыға күтеміз! Осы кезекте клубтың ұйымдастырушылары К.М.Белеухановаға және Р.А.Ковылинаға рахмет айтамыз!