Үндістандық делегацияның университетке сапары

Үндістандық делегацияның университетке сапары

Семей медициналық университетіне 2 күндік сапармен Max Healthcare зерттеулер және ғылым жөніндегі атқарушы вице-президент Dr. Vinitaa Jha, менеджерлер Prakash Pandey және Sanjay Dhankar бар Max Healthcare Institute (Үндістан) делегациясы келді.
Басшылықпен кездесуде бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, «СМУ» КеАҚ студенттеріне арналған кәсіптік даярлық курстары, ротациялық тағылымдаманың стипендиялық бағдарламалары, бірлескен білім беру және зерттеу курстары талқыланды.
Сондай-ақ Dr. Vinitaa Jha және оның командасы студенттермен кездесіп, параллель оқу курстары мен қабылдау емтихандарына дайындықтың артықшылықтарын түсіндіретін егжей-тегжейлі презентация жасады. Сонымен қатар, студенттер мен магистранттарға Max-тің әртүрлі еуропалық институттармен бірлесіп жүзргізетін білім беру бағдарламалары мен курстары ұсынылды.
Max Healthcare Institute Limited («Max Healthcare») — Үндістандағы ең ірі медициналық ұйымдардың бірі. Дели, Харьяна, Пенджаб, Уттаракханд және Махараштрада 19 медициналық мекемесі (4000-нан астам төсек), 30-дан астам мамандық бойынша даярлайды және 5000-нан астам дәрігері бар. Ауруханалардан басқа, Max Healthcare үйде күтім жасау және патология бизнесін де басқарады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз