Жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасында 7R01103 «Аллергология және иммунология ересектер, балалар» мамандығы бойынша 4 резидент білім алуда. Резиденттер 2 жылдан бері Өскемен және Павлодар қалаларындағы емдеу мекемелерінде жұмыс істеп келеді. Мамандық 2022 жылы Еуразиялық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету орталығымен (ЕСА) аккредиттелген. Клиникалық базасы Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасының аллергология бөлімі, Сұлтанова Г. атындағы Павлодар облыстық ауруханасының терапевтік бөлімшесі болып табылады.
Резидентті оқыту теория мен практиканы біріктіруді көздейді. Академик тәлімгерлер м.ғ.к., жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті, аллерголог-иммунолог Ф.Ф.Ягофаров және м.ғ.к., жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының ассистенті, аллерголог-иммунолог Қозубаева Д.Б. Теориялық сабақтарда заманауи емдеу әдістері талқыланады. Резиденттердің тәжірибелік жұмысы тәжірибелік денсаулық сақтау, клиникалық тәлімгерлердің: Маликова М.С. (Шығыс Қазақстан облысының бас штаттан тыс аллерголог-иммунологы), Кененбаева Б.Е. (м.ғ.к., «СМУ» КеАҚ дербестендірілген медицина кафедрасының меңгерушісі) жетекшілігімен зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялау, KМИС медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу, есепке алу және есеп беру құжаттамасын дайындау арқылы жүзеге асырылады.
Медициналық мекемелер барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және жоғары сапалы зертханалық диагностикамен жабдықталған. Осылайша, резидент дәрігерлер тәжірибелі клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен арнайы білім алып, практикалық дағдыларын шыңдайды.