“Биохимик-2024” V Бүкілресейлік олимпиадасына студенттердің қатысуы

“Биохимик-2024” V Бүкілресейлік олимпиадасына студенттердің қатысуы

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде 2024 жылдың 17-18 мамырында “БИОХИМИК-2024” V бүкілресейлік олимпиадасы өтті, оған 17 мамырда онлайн форматта м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының командасы қатысты, ол «Медицина» мамандығының келесі студенттері – Б. Мұратбекова 2121 топ., А. Игисинова 2121 топ, М. Кембаев 2224 топ. Олимпиадаға Ресейдің, Қырғызстан Республикасының, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (КеАҚ “СМУ”) және басқалар қатысты.

Олимпиада бірнеше кезеңнен өтті:

  1. “Биохимик-2024” байқауы, Биохимия бойынша жазбаша тапсырмалар.
  2. “Үздік эссе” байқауы.
  3. “Үздік ситуациялық тапсырма” байқауы.
  4. “Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының тарихы мен жетістіктері” шығармашылық байқауы.

Олимпиада қорытындысы бойынша – КеАҚ “Семей медицина университеті” командасы 2 орын алды – 2 дәрежелі диплом Данияр Төлеубаев, ал “Үздік эссе” номинациясы бойынша Игисинова Азиза жүлдегер атанды. Олимпиаданың жеңімпаздары мен номинанттары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.  ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІЗ!                      

М.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов     атындағы   биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы

Рубрикалар: Оқушылар