Оқыту семинарлары “Аса қауіпті инфекциялар. Конго-Қырым безгегі. Тырысқақ. Сібір жарасы”

Оқыту семинарлары “Аса қауіпті инфекциялар. Конго-Қырым безгегі. Тырысқақ. Сібір жарасы”

“Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын өңірлерге бекіту және жалпы практика дәрігерлерін оқытуды өткізу туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вице-министрінің 22.04.2024 №252 бұйрығын орындау үшін жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкерлері, Семей медицина университетінің клиникалық бөлімі мен цифрлық технологиялар бөлімінің қолдауымен ағымдағы жылдың 21-23 мамыр аралығында Абай облысының амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне “Аса қауіпті инфекциялар. Конго-Қырым безгегі. Тырысқақ. Сібір жарасы” тақырыбында семинар өткізді. Оқыту аралас форматта өтті. Барлығы 80 тыңдаушы қатысты.

Кіріспе сөзбен балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай облысының бас штаттан тыс инфекционисті, м. ғ. к. Эфендиев И. М. сөз сөйледі.

Жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Маукаева С.Б. тыңдаушылардың назарына “Конго-Қырым безгегі” (КҚБ) тақырыбында баяндама ұсынды. Дәріскер клиника, ажырату диагностика, терапия және осы аурудың алдын алу мәселелеріне баса назар аударды.

   Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Мансурова А.А. тырысқақтың өзектілігі, эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникалық көрінісі, зертханалық диагностикасы, лечения және алдын алу мәселелерін егжей-тегжейлі баяндады.

     Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті, Смаилов Е.С. “Сібір жарасы” тақырыбында дайындалған презентацияда, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, жіктелуі, диагностикасы, емдеу тактикасы, сібір жарасы кезіндегі профилактикалық іс-шаралар туралы айтып берді.

    Қорытындылай келе, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М. тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз сөзінде Имдат Муса Оглы тыңдаушылардың назарын қазіргі уақытта аса қауіпті инфекциялардың өзектілігіне, КҚБ, тырысқақ, сібір жарасы белгілерін білу қажеттілігі туралы, аса қауіпті инфекциялар белгілері бар пациенттермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы  ақпараттарды жеткізді.

Эфендиев И.М., Маукаева С.Б., Мансурова А.А., Смаилов Е.С.

Рубрикалар: Семинарлар