“ПСИХИАТРИЯ” ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА

“ПСИХИАТРИЯ” ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА

Психиатрия және наркология кафедрасында психиатриядан пәндік олимпиада аяқталды. Олимпиада 10 тапсырмадан тұрды. Бакалавриат, интернатура және резидентура студенттері қатысты. Білім алушылар “Психиатрия” пәні бойынша өз білімдерін пайдалы және қызығушылықпен уақыт өткізе алды. Тапсырмаларға психиатрия тарихы бойынша кейбір сұрақтар, нақты клиникалық терминологияны білу, психиатриялық бұзылыстары бар атақты адамдарға қатысты сұрақтар, ребустар, психопатологиялық талдау жүргізуге болатын әдеби көздермен және өнер туындыларымен жұмыс кірді. Нәтижесінде олимпиаданың жеңімпаздары анықталды, олар шетелдік студенттер болды – Lakhshya Manju – 1 орын және Raxanda Mansuri-2 орын. Бұл студенттер – 439 ЖМ тобының оқушылары. Психиатрия кафедрасында оларға жүлделі грамоталар табысталды. Шетелдік студенттердің жеңімпаз атанғаны өте қуанышты және мақтауға тұрарлық.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Жаннат Джумажановна Сарсембина, кафедра меңгерушісі Асхат Уазірханұлы Ермекбаев және кафедра меңгерушісі Тимур Мұратұлы Молдағалиев.

Жарияланды: