2024 жылғы 23 мамырда “Семей медицина университеті” КеАҚ-да онкология мектебінің бас идеологы IPSM (Қазақстан), онкология жоғары мектебінің тең құрылтайшысы (Ресей) Фоминцев Илья 6 және 7 курс интерндеріне «Жақсы дәрігер қалай боламын?» дәріс берді.
Дәріске клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры Д.Берікұлы, профессор Д. Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ дипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу және түлектердің мансабы мектебінің қызметкерлері қатысқан болатын.
“Стандартталған пациент” құралын пайдалана отырып, “Сұрақ-жауап” әдістемесі бойынша өткен интерктивті дәріс өте қызықты болып өтті. Жатыр мойны обыры мен простата обырының алдын алу жолдары, диагностика мен емдеудің негізгі әдістерін қарастырған. Лектор аудиториямен жұмыс жасаудың заманауи тәсілдерін қолданып “Mentimeter” интерактивті презентация жүйесін пайдаланды. Осының бәрі тыңдаушылардың шынайы қызығушылығын тудырды, нәтижесі ретінде интерндер белсенді қатысып, көптеген пайдалы ақпарат алған болатын.