Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылады.
ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларына студенттерді, сондай-ақ, ҚР ҚМ әскери оқу орындарына білім алушыларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, «Семей медицина университеті» КеАҚ акт залында, 17 мамыр 2024 жылы, әскери кафедрада оқуға үміткер, іріктеудің 2 кезеңі – әскери-медициналық тексеруден «жарамды» шешімімен өткен «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» мамандықтарының студенттерімен әскери кафедра бастығы м/қ полковнигі Ш.Орынбасаров, цикл бастықтары запастағы полковник Р. Мамыканов, запастағы м/қ подполковнигі Н.Смаилов және запастағы м/қ подполковнигі А.Матыциннің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы баптар жеткізілді.
Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстары тыңдалды.
Әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.Смагулов

