2024 жылдың 22 мамырында «МУС» КЕАҚ «Халықаралық студенттерге арналған сөйлеу клубы» аясында неврология, офтальмология, оториноларингология кафедрасының ассистенттері Кириллова Е.В., Кулабухова Н.С., Биниязова А.А. шетел бөлімінің студенттеріне «Неврологиялық тексеру» тақырыбында сабақ өткізді. Студенттер ұсынылған тақырыптарға сәйкес терминологиялық сөздікпен алдын-ала танысты. Кейін үйренген сөздерін айтуға жаттығып, терминдердің мағыналары мен синонимдеріне талдау жасалды. Талқылау барысында қатысушылар қызығушылықпен сұрақтар қойып, жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлемдер құрады. Сабақ соңында студенттер орыс тілін үйренуде жинақтаған тәжірибе мен жылы ықыласы үшін оқытушыларға алғыс білдірді.