19 мамыр күніне – Дүниежүзілік Ішектің қабыну ауруларымен күрес күніне арналған шара

19 мамыр күніне – Дүниежүзілік Ішектің қабыну ауруларымен күрес күніне арналған шара

2023 жылдың 20 мамырында «Семей медицина университетінің» КеАҚ үлкен конференц залында ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге дәрігерлер қауымының жан-жақты қолдау мен жас мамандардың ішектің қабыну аурулары туралы мәліметті жоғарлату мақсатымен «Семей медицина университетінің» КеАҚ Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының «Ересектердің, балалардың Гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің академиялық жетекшілері Қасқабаева А.Ш. мен Шаханов Т.Е. және «Ересектердің, балалардың Гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентура бойынша жауапты Шаханова А.Т. ұйымдастырған, 19 мамыр күніне – Дүниежүзілік Ішектің қабыну ауруларымен күрес күніне арналған шарасы өтті. Осы шарада Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының доцент қ.а. Шаханова А.Т. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 6 курс интерндері мен «Ересектердің, балалардың нефрологиясы» және «Ересектердің, балалардың ревматологиясы» мамандықтары бойынша резиденттеріне  Абай обласы бойынша ішектің қабыну аурулары таралуының қазіргі кездегі жағдайымен, осы категория пациенттерінің диагностика, емдеу мен бақылауының өзекті мәселерімен бірге ішектің қабыну аурулары жайлы ақпаратпен бөлісті. Ол ішектің қабыну аурулары бар пациенттер қоғамдық  және кәсіби өмірде қандай қиындықтармен кездесетінін және осы пациенттер толыққанды өмір сүру үшін дәрігерлерден қандай шаралар мен көмек керек туралы айтты. Ішектің қабыну аурулары бар пациенттерді емдеу мен бақылау кезіндегі, әсіресе жасөспірім пациенттердің денсаулық сақтаудың балалар саласынан ересектер саласына ауысу кезіндегі мультидисциплинарлы сабақтастық пен әріптестік сұрақтары талқыланды. Интерндер мен резиденттерді мазалаған сұрақтарға жауаптар берілді.