Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігі Сыртқы сараптамалық комиссиясының «СМУ» КеАҚ сапары

Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігі Сыртқы сараптамалық комиссиясының «СМУ» КеАҚ сапары

«Семей медицина университеті» КеАҚ-да институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында оқу орнының қызметін бағалау бойынша арта (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) сыртқы эксперттік комиссиялары жұмысын бастады.
Сарапшылар тобының мүшелері студенттердің сабақтарына қатысады, университеттің материалдық-техникалық базасын тексереді, білім ордасының басшылығымен, студенттермен, жұмыс берушілермен, түлектермен және оқу орнының қызметкерлерімен кездеседі. Аудит барысында сарапшылар тобының мүшелері университеттің миссиясымен, мақсаттары мен міндеттерімен танысады, білім беру бағдарламаларының сапасына, ғылыми-зерттеу жұмысының жай-күйіне баға береді.
Сарапшылар тобының мүшелері 1-ші күні оқу орнының басшылығымен, декандармен, құрылымдық бөлімдердің басшыларымен, университет қызметкерлерімен және оқытушыларымен кездесті. Аудит барысында сарапшылар тобының мүшелері кітапхананың, мұражайдың, офис-тіркеушінің, Қызметкерлер мен білім алушыларға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысады, тақырыптық бөлмелерді, мектептерді, дәріс залдарын, морфологиялық корпусты аралайды. 2-ші күні университет госпиталіне, клиникалық базаларға баруы, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесуі жоспарлануда.
Университетті институционалдық аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеуші органның білім беру қызметтерін аккредиттеудің белгіленген стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі. Аккредиттеу барлық деңгейдегі білім алушыларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс алу үшін, сондай-ақ университет қызметін жақсарту жолдарын анықтау үшін қажет.