Балалар ревматологиясы Жазғы мектебі

Балалар ревматологиясы Жазғы мектебі

Педиатриялық ревматологиядағы ең көп таралған ревматикалық аурулардың бірі – Ювенильді идиопатиялық артрит (ЮИА). Бұл эрозиялық-деструктивті өзгерістермен, айқын ауырсыну синдромымен және қозғалыстың шектелуімен, ары қарай науқастың мүгедектігі мен сипатталатын буындардың созылмалы қабыну ауруы.Буын синдромы басталғаннан кейінгі алғашқы 6 айда диагноз қойылған және патогенетикалық терапия тағайындалған науқастарда аурудың ағымы қолайлырақ болып табылады.Барлығымыз білетіндей, науқастарды алғашқы тексеруді отбасылық дәрігер жүргізеді, сондықтан оны тексерудің бастапқы кезеңінде ЮИА белгілерін ерте тану және ревматологқа уақтылы жолдама беру өте маңызды.

      Осыған байланысты ревматикалық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша білімді жетілдіру тек ревматологтарға ғана емес, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек дәрігерлеріне де қажет.

      Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында жалпы дәрігерлік практика резидентурасы түлектерінің компетенциясын арттыру үшін білім және клиникалық тәжірибе алмасу мақсатында 13.05.2024ж.-дан бастап 24.05.2024 ж. дейін “Ювенильді идиопатиялық артритті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері”тақырыбында Жазғы мектеп өткізілді.”ЮИА анықтамасы, этиологиясы, патогенезі”тақырыбымен Жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығының 2 жылғы резиденті Мырзабекова Рауан баяндама жасады.1-жылғы резидент-ревматологҚаракановаӘйгерім балалардағы ревматоидты артритпен ауыратын науқасты тексеру техникасының видеосын дайындады.Алғашқы екі күнде резидент-ревматологтарБакытова А.,Досжанова Ж., Сиязова А.,Сыздықова А.,Серикова Т-ның ЮИА-ның клиникалық ерекшеліктеріне, диагностикасына және балалық шақтағы дәрілік терапияны таңдауға бағытталған негізгі нозологиялық формалары туралы баяндамалары тыңдалды.Келесі күндері Жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығының резиденттері “СМУ” КЕАҚ УГ педиатриялық бөлімшесінде осы кезеңдегі ЮИА бар пациенттерді қарап шығуға, рGALS жүйесі бойынша балалардағы тірек-қимыл аппаратын тексеру әдістемесін жүргізумен, ЮИАбар пациенттерде ревматизмге қарсы терапияның тиімділігін бағалаумен (АКР-pedi),JADAS индексін есептеумен тікелей танысуға мүмкіндік алды.

      Аталған іс-шара аяқталғаннан кейін,қатысқан резиденттерге сертификаттар табыс етілді, резиденттерден де, оқытушылардан да оң кері байланыс алынды.

Жарияланды: