КУРАТОРЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

КУРАТОРЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

2024 жылғы 24 мамырда ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлық топтарының студенттері ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының профессор қызметін атқарушы, ассоцирленген профессор, медицина ғылымдарының кандидаты Уразалина Н.М., және университетіміздің түлегі, акушер – гинеколог дәрігер Мықтыбекова С.Ш. кездесуі өтті. Кездесуге “Медицина” және “Педиатрия” ББ 1217, 1219, 1220, 1230, 1231, 1233 кураторлық топтары қатысты.

Уразалина Н.М. өзінің өмірбаяны туралы слайдтар ұсынды, кездесуге қатысушыларға медициналық оқу орнына түсу туралы шешім қабылдауға әкелген болашақ мамандығын таңдауы, ЖОО-да оқу, хоббиі, студенттік өмірі, курстастарының достығы мен өзара көмегі, сондай-ақ оқытушылардың студенттерге мейірімді, қатысушылық қарым-қатынасы туралы айтып берді. Акушер-гинеколог Мықтыбекова С.Ш. студенттерге контрацепция әдістері (гормоналды, жатырішілік, барьерлік, шұғыл контрацепция және т.б.), жыныстық жетілу туралы айтты. Әр әдістің тиімділігіне, көрсеткіштеріне және қарсы көрсеткіштеріне тоқталып, Перль индексінің формуласын көрсетті.

Студенттерге кездесу өте ұнады, кездесу соңында шақырылған қонақтар студенттердің алдын-ала қойған анонимді сұрақтарына жауап берді. Найля Мұратхановна мен Сымбат Шайхисламовна студенттерге оқуда сәттілік пен шыдамдылық тіледі. Осы кездесуден кейін барлық студенттердің оқуға және осы мамандықтарға деген қызығушылығы артады деп ойлаймыз.

Ғалымбеков Д.Ж., ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы