«Ересектер, балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша дәрігерлерді дайындауда КЕАҚ «СМУ» терапия кафедрасы болып табылады. 2018 жылдан бастап «Ересектер және балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша резидентура ашылды. Резиденттерді тәжірибелі бөлімше қызметкерлері, Семей, Өскемен және Павлодар қалаларындағы клиникалық базалардың жетекші дәрігерлері мен кафедра қызметкерлері оқытады.
Қазіргі уақытта терапия кафедрасында 2023-2024 оқу жылында «Ересектер, балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша резидентурада 42 резидент білім алуда, оның ішінде 1 жылғы резиденттер: Семейде – 12, Павлодарда – 10; Өскемен қаласында – 8. 2 жылғы резиденттер: Семейде – 4, Павлодарда – 5, Өскеменде – 3.
Резиденттер Семей қаласында «ЖМЖА» – ның эндокринология бөлімшесінде, №2 Емханада, Өскемен қаласында №1 Қалалық аурханасында орналасқан , Павлодарда «Павлодар облыстық балалар аурухана», Павлодар қаласында №3 Қалалық аурханасында базаларында жұмыс істейді. «Ересектер, балалар эндокринологиясы»мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық жетекшілері:
– Атантаева Баян Жумагазивна – Семей қ. Ядролық медицина және онкология орталығы – ның ядролық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Ертуспаева Гульнара Каирбековна – КЕАҚ «СМУ» Емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Баймуханова Алмагуль Абибековна – КЕАҚ «СМУ», жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Акинжанова Шалкар Калиллаевна – № 2 Емхананың жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Сарсебаева Гульнара Советкалиевна – КЕАҚ «СМУ» терапия кафедрасынын ассистенти, жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Рахыжанова Айгерим Амиржановна- КЕАҚ «СМУ» терапия кафедрасынын ассистенти, бірінші санатты эндокринолог дәрігер
– Нигманова Гульмира Ермековна- КЕАҚ «СМУ» ЖМТ кафедрасынын ассистенти, жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Копирбаева Гюзаль Серикжановна- ЦМИР, бірінші санатты эндокринолог дәрігер
– Нурсалинова Карлыгаш Айткалиевна- Өскемен қаласының Медициналық орталық, жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Хайруллина Ляззат Кабдыловна- Өскемен қаласының дәрігерлік амбулаториясы, жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Журавлёва Нина Павловна- Жекелендірілген медицина кафедрасының ассистенті, Павлодар қаласында №3 Қалалық аурханасында, жоғары санатты эндокринолог дәрігер
– Саматова Ботагоз Саматовна- Павлодар облыстық балалар ауруханасында, балалар эндокринологы
– Мейрамова Гульнара Кадыргельдиевна- Павлодар облысының бас штаттан тыс эндокринологы, Павлодар қаласында №3 Қалалық аурханасы.
Клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен резиденттер күн сайын науқастарды қадағалау, эндокринологиялық манипуляциялар жасау, медициналық құжаттамаларды енгізу, оның ішінде КМИС-те жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді. Резиденттер бөлім меңгерушілерінің, кафедра меңгерушілерінің, профессордың қарауына, клиникалық талқылаулар мен консилиумдарға қатысады. Клиникалық тәлімгерлердің, бөлім меңгерушілерінің жетекшілігімен резиденттер науқастарды қарап, диагностикасы мен емін тағайындайды, жоспарлы кезекшілік орындайды.
Резиденттерді оқытуда медициналық этика және деонтология қағидаларын сақтай отырып, адамгершілікке тәрбиелеуге, емделушілермен және әріптестермен қарым-қатынас жасау дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, білім, ғылым және клиниканың үштұтастығы қағидаттары бойынша қалыптасқан тәлімгерлік мектебінің арқасында кафедра сұранысқа ие білікті дәрігер – эндокринологтарды даярлауды табысты жалғастыруда.