«Ересектер гематологиясы» мамандығы бойынша дәрігерлерді дайындауда КЕАҚ «СМУ» терапия кафедрасы болып табылады. 2022 жылдан бастап кафедра резидентура бағдарламасы бойынша болашақ гематологтарды сәтті дайындауда. Резиденттерді тәжірибелі бөлімше қызметкерлері, Семей, Өскемен және Павлодар қалаларындағы клиникалық базалардың жетекші дәрігерлері мен кафедра қызметкерлері оқытады.
Қазіргі уақытта терапия кафедрасында 2023-2024 оқу жылында «Ересектер гематологиясы» мамандығы бойынша резидентурада 12 резидент білім алуда, оның ішінде 1 жылғы резиденттер: Семейде – 2, Павлодарда – 1; Өскемен қаласында – 3. 2 жылғы резиденттер: Семейде – 1, Павлодарда – 1, Өскеменде – 4.
Резиденттер Семей қаласында «ЖМЖА» – ның гематология бөлімшесінде, №7 Емханада, Өскемен қаласында №4 Қалалық аурханасында орналасқан ЖШС «Гематология орталығында», Павлодарда «Г.Султанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» базаларында жұмыс істейді.
«Ересектер гематологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық жетекшілері:
– Бешимбаева Жулдыз Ислахатовна – Семей қ. ЖМЖА – ның гематология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты гематолог дәрігер
– Тельменбетова Асима Данкебаевна – Семей қ. №7 Емхананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты гематолог дәрігер.
– Есімбекова Аяужан Есімбекқызы – ЖШС «Гематология орталығы» тәуліктік стационар бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші санатты гематолог дәрігер.
– Заблоцкая Лилия Денисовна – ЖШС «Гематология орталығы» күндізгі стационар бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты гематолог дәрігер.
– Сейсенбекова Жаннур Балтабаевна – «Г.Султанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың» гематология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты гематолог дәрігер
Клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен резиденттер күн сайын науқастарды қадағалау, гематологиялық манипуляциялар жасау, медициналық құжаттамаларды енгізу, оның ішінде КМИС-те жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді. Резиденттер бөлім меңгерушілерінің, кафедра меңгерушілерінің, профессордың қарауына, клиникалық талқылаулар мен консилиумдарға қатысады. Клиникалық тәлімгерлердің, бөлім меңгерушілерінің жетекшілігімен резиденттер науқастарды қарап, диагностикасы мен емін тағайындайды, жоспарлы кезекшілік орындайды.
Резиденттерді оқытуда медициналық этика және деонтология қағидаларын сақтай отырып, адамгершілікке тәрбиелеуге, емделушілермен және әріптестермен қарым-қатынас жасау дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, білім, ғылым және клиниканың үштұтастығы қағидаттары бойынша қалыптасқан тәлімгерлік мектебінің арқасында кафедра сұранысқа ие білікті дәрігер – гематологтарды даярлауды табысты жалғастыруда.