“Таза сессия” акциясы “СМУ” КеАҚ-да басталды

“Таза сессия” акциясы “СМУ” КеАҚ-да басталды

2024 жылдың 22-мамырында жазғы емтихан сессиясы барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен комплаенс-офицер М.Т. Бейсембаевпен, ҚДССФМІ мектебінің деканы Ы.О.Қайрхановамен, қауіпсіздік техникасы және төтенше жағдай жөніндегі маман Ж.Т.Насымханмен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ҚДССФМІ мектеп деканы білім алушыларға университетішілік нормативті-құқықтық құжаттармен таныстырып,   жазғы емтихан сессиясына қатаң бақылау жүргізілетіндігі туралы және  акция аясында университетте білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі жүзеге асырылатындығы туралы айтты.

Комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, емтихан тапсыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіндірді, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, Комплаенс-офицер қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар) беру тәртібін түсіндірді.

Қауіпсіздік техникасы және төтенше жағдай жөніндегі маман білім алушыларға жаз мезгілінде жатақхананың сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасайтынын ескертіп, жатақханада тұру тәртібін сақтауды ескертіп, бас ғимаратқа ID-картамен кіру тәртібін түсіндірді.

Кездесу соңында ҚДССФМІ мектебінің декан орынбасары Г.А.Жумаева академиялық саясат бойынша емтиханға рұқсат алу туралы, емтихан өткізу тәртібін түсіндіре отырып, Академиялық адалдық саясатын сақтауға шақырды.