2024 жылдың 22-мамырында жазғы емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» БББ 1-2 курс білім алушыларымен Комплаенс-офицер М.Т.Бейсембаев пен ҚДССФМІ мектеп деканы Ы.О. Кайрхановамен, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша маман Ж.Т. Насымханмен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚДССФМІ мектеп деканы Ы.О. Кайрханова білім алушыларға университетішілік нормативті-құқықтық құжаттармен таныстырып, жазғы емтихан сессиясына қатаң бақылау жүргізілетіндігі туралы және акция аясында университетте білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі жүзеге асырылатындығы туралы айтты.
Комплаенс-офицер М.Т.Бейсембаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, емтихан тапсыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіндірді, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, комплаенс-офицер қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар) беру тәртібін түсіндірді.
Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша маман Ж.Т. Насымхан білім алушыларға жаз мезгілінде жатақхананың сағат 23:00 -ге дейін жұмыс жасайтынын ескертіп, жатақханада тұру тәртібін сақтауды ескертті. Сонымен қатар бас ғимаратқа ID- картамен кіру тәртібін түсіндірді.
Кездесу соңында ҚДССФМІ мектеп декан орынбасары Г.А.Жумаева академиялық саясат бойынша емтиханға рұқсат алу туралы, емтихан өткізу тәртібін түсіндіре отырып, Академиялық адалдық саясатын сақтауға шақырды.