26.05.2024жылы «Педиатрия» мамандығының 2432 тобының студенттері, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, куратор С.Ж.Рахимбаева мен бірге Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрына барды, Авксентий Цагарелидің классикалық водевилі бойынша «Ханума» пьесасын тамашалады. Бұл водевильдік комедия ең нашар көңіл-күйді көтере алады! Біз қызықты бұрмаланған интриганың куәсі болдық. Қойылым тарихи көне Тифлисте, қаланың ең әсем ауданы – Авлабарда көрсетілген. Актерлердің керемет ойыны, мәнерлі бет-әлпеттері мен позитивті энергиясы ешкімді бей-жай қалдырмады. Топ студенттері қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті: – Сахналау жеңіл, жарқын, көңілді болды!Театрға және осындай қойылымдарға міндетті түрде бару керек деп бәрі келісті!