2024 жылдың 16 мамырында Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімінде резиденттер арасында жыл сайынғы «Үздік кардиолог-резидент» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – кардиология мамандығы бойынша оқитын жас медицина мамандарын ынталандыру және қолдау, сондай-ақ олардың кәсіби дағдылары мен білімдерін дамытуға ықпал ету. Қатысушылар арасында «Ересектер және балалар кардиологиясы» мамандығы бойынша терапия кафедрасының 1 курс резиденттері болды. Олимпиада бағдарламасы төрт кезеңнен тұрды: I кезең: Тестілеу, II кезең: – Блиц-турнир, III кезең: ЭКГ интерпретациясы. IV кезең: Клиникалық жағдайды көрсету. Олимпиада достық жағдайда өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша І орын Өмек Ұлағат Айдынұлы, ІІ орын Махамбеталиева Альфия Ақжолқызы, ІІІ орын Алтынғазы Жұлдыз Дәулетбекқызы.